Негізгі Жаңалықтар Демікпені бақылау: тегін ингалятор кімге беріледі?

Демікпені бақылау: тегін ингалятор кімге беріледі?

Бронх демікпесін бақылауда ұстау үшін Қазақстанда бұл дертке шалдыққан азаматтарға тегін ингалятор беріледі. Қостанай облысында жыл басынан бері қажетті дәрі-дәрмекті төрт мыңнан астам науқас алған. Күз келіп, ауа райы салқындаған тұста демікпені бақылауда ұстау неліктен маңызды? Тегін емді кімдер және қалай ала алады? 

Күз - бронх демікпесі бар жандар үшін аурудың асқыну қаупі жоғарылайтын кезеңдердің бірі. Бұл уақытта вирустық инфекциялар мен ауа райының маусымдық өзгерістері науқастың жағдайына әсер етіп, демікпе белгілерін күшейтуі мүмкін. Сондықтан симптомдарды басатын дәрімен қатар, базистік терапияны тұрақты қабылдау маңызды. Ал базистік терапия - бұл бронх демікпесін ұзақ мерзімді бақылауда ұстап, аурудың асқынуы мен ұстамалардың алдын алуға бағытталған негізгі ем.


Бөлісу