Негізгі Жаңалықтар Демалыс орны жаңарып, қызмет сапасы артты

Демалыс орны жаңарып, қызмет сапасы артты

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов «Жайлау» сауықтыру кешенін аралап, оның даму барысымен танысты.

Кешенді жаңғыртуға 156 миллион теңге инвестиция салынған. Қаражатқа ғимараттар жөнделіп, спорт залы жаңартылған және жаңа жаттығу құралдары сатып алынған. Шипажайда жалпы бұқараның, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың денсаулығын жақсартып, толыққанды демалуына жағдай жасалған. Кешенде қолжетімді орта қалыптастырылып, қажетті инфрақұрылым жаңартылған. Мұндай демалыс орындары тұрғындарға табиғат аясында тынығып, сауықтыру шараларынан өтіп, денсаулығын нығайтуға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы халықтың өмір сүру сапасын арттырып, азаматтарға жайлы орта қалыптастыруға ерекше мән беріп келеді. Осы бағыттағы жұмыстар өңірде де жалғасын табуда.


Бөлісу