«Ауыл аманаты» – жеке кәсіпкерлікке жәрдем
Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік бар ма? Бұл сұраққа соңғы жылдары беріліп жүрген жауаптың бірі – «Ауыл аманаты» бағдарламасы. Жеңілдетілген 2,5 пайыздық несие шағын шаруашылықтарға қаржылай қолдау көрсетіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған. Бірақ барлық несие – дайын табыс емес. Оны мақсатты пайдаланып, кәсібін дөңгелету – жеке тұлғаның жауапкершілігі.
Ауылдағы кәсіптің аяққа тұруы көбіне қаржыға келіп тіреледі. Мал басын көбейту, жер алу, инфрақұрылым тарту – бәрі де қомақты қаражатты қажет етеді. Ал нарықтық мөлшерлемемен несие алу шағын шаруашылық үшін оңай емес.