Негізгі Жаңалықтар Өңірдің өндірістік әлеуеті артады

Өңірдің өндірістік әлеуеті артады

Өңірдің өндірістік әлеуеті артады

Бейімбет Майлин ауданында бірқатар ірі инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Өндіріс орындарының қатарын толықтыратын жаңа нысандар ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, сақтау және тасымалдау бағыттарын қамтиды. Ауданда энергетикалық инфрақұрылымды дамытуға да басымдық берілмек. Жобалар жүзеге асқан жағдайда жаңа жұмыс орындары ашылып, ауданның өндірістік және экономикалық әлеуеті арта түспек. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов жұмыс сапары барысында бірқатар өндірістік нысанды аралап, жобалардың құрылыс барысымен және алдағы жоспарлармен танысты.

Бөлісу