Арқалық: өркендеудің жаңа кезеңі
Биыл 70 жылдығын дүркіретіп атап өткен Арқалықта мемлекет басшысының тапсырмалары қарқынды іске асырылуда. Қуаты 50 Мегаватт болатын жел электр станция іске қосылып, карьерге қажетті қондырғыларды сатып алып, орнататын кәсіпорын өз жұмысын бастады. Бұл – шаһардың өндірістік әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған жобалардың бір парасы.
Арайлы Арқалықты биыл абаттандыруға 2 млрд 227 млн теңге жұмсалған. Баспаналардың қасбеттері мен шатырлары жөнделді. 24 млн теңгеге 7 көпқабатты үйге сән беріп тұратын шамдар орнатылды. Ал, облыстық бюджеттен бөлінген 890 млн теңгеге 28 үйдің сырты жаңартылып жатыр. Оның 8-і бұгінде дейін аяқталды.