Негізгі Жаңалықтар Ауылдың әлеуеті – өңірдің болашағы

Ауылдың әлеуеті – өңірдің болашағы

Алтынсарин ауданында соңғы жылдары елді мекендердің инфрақұрылымын жаңартуға басымдық беріліп келеді. Ауыз су, жол, көше жарығы сияқты халыққа қажетті мәселелер кезең-кезеңімен шешілуде. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамытуға да қолдау көрсетіліп, жаңа жобалар жүзеге асырылуда. Бұл жұмыстардың барысын облыс әкімі аудандағы жұмыс сапары кезінде бағамдады. 

Алтынсарин ауданындағы 25 ауылдың барлығында ауыз су бар. Соңғы үш жылда 83,7 шақырым су құбыры тартылып, 6 ауылда ауыз сумен қамтамасы ететін орындар ашылды. Көшелерді жарықтандыру жұмыстары да жүргізілуде. Қазір 218 көше жарықтандырылған. Соның арқасында ауданның электр шамдарымен қамтылуы 52 пайыздан 97 пайызға өсті.


Бөлісу