Стартап идея емес, сұраныстан туындайды
Стартап үшін тек жақсы идеяның болуы жеткіліксіз. Оның нарыққа қажет екенін дәлелдеу, өнімді жетілдіру - жобаның болашағын айқындайтын негізгі көрсеткіштер. Қостанайда Startup Orda-2026 бағдарламасының қатысушылары осы кезеңдердің нәтижесін «Demo Day» жобасы аясында таныстырды.
Кәсіпкерлік ортада бастама көп. Бірақ олардың барлығы бірдей бизнеске айнала бермейді. Себебі стартаптың тағдырын көбіне идеяның өзі емес, оны нақты мәселені шешетін өнімге айналдыру қабілеті шешеді.
Сарапшылардың сүйемелдеуі жобаның техникалық жағын ғана емес, оның бизнес ретінде қалыптасуын да қамтиды. Өйткені нарыққа шыққан өнімнің өміршеңдігі жобаны әзірлеушінің болжамынан емес, тұтынушының нақты сұранысынан көрінеді.
Startup Orda-2026 қатысушылары үшін негізгі сынақ аяқталған жоқ. Енді олардың жобасы сарапшылар алдында емес, нақты нарықта сыналады. Ал идеяның бизнеске айналғанын көрсететін басты көрсеткіш — тұрақты клиент пен нақты сұраныс.