Отан қорғау – абыройлы міндет
Өңірде мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны жалғасып жатыр. Бүгін Қостанайдан бір топ жас Отан алдындағы борышын өтеуге елордаға аттанды. 6697 әскери бөлімінде Ұлттық ұлан қатарына шақырылған сарбаздарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.
Сайдың тасындай іріктелген 24 сарбаз бүгін Астанадағы 5573 әскери бөліміне аттанғалы отыр. Оларды салтанатты түрде шығарып салу рәсіміне ет жақындары мен дос-жарандары, ата-аналары келген. Тепсе темір үзетін жігіттердің де Отан алдындағы борыштарын өтеуге деген құлшыныстары ерекше