Негізгі Жаңалықтар Тұмауға қарсы екпе алу 15 қыркүйектен басталады

Тұмауға қарсы екпе алу 15 қыркүйектен басталады

Күз келісімен тыныс жолы инфекцияларының маусымы да басталады. Биыл Қостанай облысында тұмауға қарсы екпе 15 қыркүйектен бастап жүргізіледі. Аймақта жергілікті бюджет есебінен «Гриппол плюс» вакцинасының 80 мың дозасы сатып алынған. Ең алдымен екпе алу құқығы тегін санатқа кіретін тұрғындарға беріледі. Оған кімдер жатады? Өңірлік коммуникациялық қызметінде өткен брифингте айтылды. 


Тұмауға қарсы екпені жыл сайын алған дұрыс. Мамандар вакцинацияны қыс басталып, ауру көбеймей тұрып, яғни 1 желтоқсанға дейін жасатуға кеңес береді. Биыл да тұрғындар арасында тұмауға қатысты алаңдаушылық бар. Кейбірі қазіргі жағдайды бірнеше жыл бұрынғы Ковид - 19 кезеңімен салыстырады. Мамандар коронавирустың әлі де бар екенін айтады.


Бөлісу