Негізгі Жаңалықтар Игі іске үлес

Игі іске үлес

Тазалық — қоршаған ортаның ғана емес, қоғам мәдениетінің де көрсеткіші. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарлама аясында елді мекендерді абаттандырумен қатар, табиғатты қорғауға бағытталған жұмыстар да жалғасып келеді.

Туған жердің тазалығы бір күндік науқанмен өлшенбейді. Бұл — күнделікті қалыптасатын әдет, ортақ жауапкершілікке айналуы керек. Сондықтан ауыл тұрғындары үшін бұл бастама- айналаны ретке келтірумен түгесілмей, елді мекеннің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға мол мүмкіндік беріп отыр.

Ортақ іске үлес қосудың тағы бір үлгісі — Краснокордон мектебіндегі орманшылық жұмысы. Мұнда табиғатты қорғау бағытындағы үйірме 2009 жылдан бері жұмыс істейді. Оқушылар көшет отырғызып, орман шаруашылығына көмектесіп, ауылдағы әлеуметтік бастамаларға да атсалысады.


Бөлісу