Электромобильдерге арналған мүмкіндік
Қазақстанның негізгі автомобиль бағыттарында электр көліктерін қуаттандыру инфрақұрылымы қарқынды дамып келеді. Бұл қатарда Қостанай облысы да бар. Бүгінде еліміздің 13 өңірінде орналасқан 62 электр көліктерін қуаттандыру станциясы жұмыс істейді. Солардың бірі –Қостанай облысы.
Электр көліктерін қуаттандыру станциясы желісінің дамуы электромобиль иелеріне өңіраралық бағыттар бойынша кедергісіз қатынап, ұзақ сапарларын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді. Қазір қолданыстағы станциялардың қуаты 60-тан 320 кВт-қа дейінжетеді. Қостанай облысы арқылы өтетін автомобиль бағыттарының маңызы жоғары. Өңірдің республикалық және халықаралық көлік дәліздеріне жақын орналасуы электр көліктеріне арналған инфрақұрылымды одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта электр көліктеріне арналған инфрақұрылым одан әрі кеңейтіледі.2026 жылға арналған жоспар бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 27 жаңа автожанармай құю станциясын салу көзделген. Жоспарланған нысандар аумағында электр көліктерін қуаттандыру станцияларын орналастыру да қарастырылған. Бұл жұмыстар Тобыл өңірі үшін де маңызды. Себебі электр көліктерінің саны артқан сайын жол бойындағы қуаттандыру станцияларының қолжетімділігі аймақтың көлік инфрақұрылымының маңызды бөлігіне айналмақ.