Кітапқа қадам – білімге жол
15 кітап. 6 ай. 7 бағыт. Бір қарағанда, бұл жай ғана сандар тәрізді. Ал марафонға қатысушылар үшін — нағыз сынақ. Ел бойынша оқырман мәдениетін дамытуға бағытталған «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы 1- қыркүйек, білім күні басталды. Қатысушылар белгіленген әдебиеттерді оқып қоймай, көркем шығармадан алған білімін де дәлелдеуі керек.
Кітапты оқу оңай көрінгенімен, оның мазмұнын есте сақтап, автордың ойын түсініп, өз пікіріңді қалыптастыру — бөлек мәселе. Марафонда дәл осы білім сыналады. Жоба жеті бағытты қамтиды. Оған оқушылардан бастап ересек оқырмандарға дейін қатыса алады. Әр санат үшін ұсынылған шығармалар тізімі бөлек әзірленген.