Негізгі Жаңалықтар Дін қызметкерлері аттестаттаудан өтті

Дін қызметкерлері аттестаттаудан өтті

Қазіргі кезде дін қызметкеріне қойылатын талап жоғары. Имам діни біліммен қатар, мемлекеттік заңды жетік меңгеріп, қоғамдағы өзгерістерден де хабардар болуы тиіс. Осы бағыттағы қарым-қабілетін саралайтын кезекті аттестаттау бүгін Қостанай қаласында өтті. Оған аудан-қала мешіттерінен жиналған 70-тен астам имам қатысты.

Үш жылда бір рет келетін кезекті аттестаттаудан өту үшін өңірдің түкпір-түкпірінен келген имамдар Қостанайдың бас мешітіне жиналды. Емтихан барысында дін қызметкерлерінің шариғи білімі, заңнаманы меңгеруі және кәсіби дайындығы тексерілді. 


Бөлісу