Негізгі Жаңалықтар Зерттеу нәтижесі зертханадан өндіріске дейін бағаланады

Зерттеу нәтижесі зертханадан өндіріске дейін бағаланады

1 қазаннан бастап елімізде ғылыми зерттеулерді жүргізу мен бағалауға қойылатын жаңа ұлттық стандарт күшіне енеді. Құжат ғылымды цифрландыруға, жасанды интеллект пен заманауи технологияларды қолдануға, ғылыми нәтижелерді тәжірибеге енгізуге және ғалымдардың академиялық еркіндігін қорғауға бағытталған.

Жаңа құжат ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу тәсілдерін жаңғыртып қана қоймай, ғылыми идеяның пайда болуынан бастап оның нақты өнімге, технологияға немесе әлеуметтік жобаға айналуына дейінгі жолды жүйелеуге мүмкіндік бергелі тұр. Стандарттың маңызды бағыттарының бірі – ғылыми зерттеулерді цифрландыру. Құжатта өтпелі цифрлық технологияларды, жасанды интеллект құралдарын, патенттік аналитиканы және цифрлық негіздерді қолдануға нормативтік негіз қарастырылған. Медицина саласындағы зерттеулерге қатысты стандарт денсаулық сақтау заңнамасының талаптарын және тиісті халықаралық тәжірибелерінің басымдығын көздейді. Зерттеу бойынша есеп беру құжаттарын антиплагиат жүйесі арқылы тексеру шегі кемінде 50 пайыз деңгейінде белгіленеді.


Бөлісу