Негізгі Жаңалықтар Болашаққа бастар мамандық

Болашаққа бастар мамандық

Қостанайдағы колледждерде жаңа оқу жылы басталды. Биыл жастардың техникалық мамандықтарға қызығушылығы жоғары. Соның бір дәлелі - Қостанай жоғары автомобиль көлігі колледжі. Биыл мұнда 500 студенттің қабылданды. Жастар қандай мамандықтарды таңдап отыр? Колледжде кәсіби біліммен қатар қандай дағдыларға басымдық беріледі? 

Кеше ғана болашақ мамандығын таңдаған жастар бүгін кәсіби білім алуға алғашқы қадамдарын жасап жатыр. Қазір колледжде 1500-ге жуық студент білім алады. Мұнда 15 мамандық бойынша кадр даярланады. Әсіресе өндірісті басқаруды автоматтандыру, автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу, машина жасау технологиясы бағыттарына сұраныс жоғары. Бұған қаладағы өндіріс орындарының жаңарып, заманауи технологиялардың кеңінен енгізілуі де әсер етіп отыр. 


Бөлісу