Негізгі Жаңалықтар Курсанттар киберқауіпсіздік негіздерін меңгереді

Курсанттар киберқауіпсіздік негіздерін меңгереді

Қостанайда полиция акдемиясының курсанттары заманауи цифрлық білім алуға мүмкіндік алды. Былтыр ашылған киберқауіпсіздік және ақпараттық технологиялар кафедрасында олар киберқылмыстарды анықтау, ақпараттық қауіпсіздікті сақтау және электронды деректермен жұмыс істеу тәсілдерін меңгереді. Оқу барысында жасанды интеллект мүмкіндіктері де қолданылады. Мәселен, курсанттар ЖИ көмегімен Конституцияны оқып-үйренуге арналған бейнероликтер әзірлеген. Мемлекет басшысы өз кітабында «цифрландыру дәуірінде мәліметтер саф алтынға айналады» деп ақпараттық қауіпсіздік маңызын атап өтті. Сондықтан бұл жаңа заман талабына сай білікті маман даярлауға бағытталған маңызды бастама. 


Бөлісу