Негізгі Жаңалықтар Биыл диқандар егінге ерте орақ салды

Биыл диқандар егінге ерте орақ салды

Қостанай облысында егін ору науқаны қызды. Былтыр диқандар гектарынан 17 центрнерге жуық өнім алып, бұрын соңды болмаған рекорд орнатқан еді. Ал биыл аптап ыстық астық шығымына қалай әсер етті?   

Биыл Қостанай облысында барлығы 4 млн гектардан астам жерге бидай егілді. Диқандар алқапқа тамыз айының ортасы орақ салды. Күн ерте жылынып, науқан әдеттегіден бұрын басталды. Диқандар бүгінде жалпы егіс алқабының 33 пайызынан өнім жинап үлгерді. Айтуаларынша, аптап ыстық болса да, бидай бітік шыққан.

Мемлекет ауыл шаруашылығы саласына жан-жақты қолдау көрсетеді. Биыл кәсіпкерлерге 150 миллиард теңге көлемінде жеңілдетілген несие берілді. Сондай-ақ шаруаларға техниканы тиімді шартпен лизингке алу мүмкіндігі қарастырылған. Ал облыста биылғы науқанға 80 мың тоннаға жуық дизель отыны бөлінді.


Бөлісу