Негізгі Жаңалықтар ҚР авиация қауіпсіздігі жоғары бағаға ие

ҚР авиация қауіпсіздігі жоғары бағаға ие

Қазақстан бүгінде авиациялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық талаптарды орындау бойынша жоғары көрсеткішке ие елдердің қатарында. Халықаралық стандарттарға сәйкестік деңгейі 95,7%-ды құрайды.

Бұл көрсеткіш Қазақстанды әлемдегі үздік 20 елдің қатарына енгізіп, Орта Азиядағы авиациялық қауіпсіздік саласының көшбасшысы ретінде танытып отыр. Егер бұған дейін Қазақстан өңірлік деңгейдегі маңызды халықаралық іс-шараларды өткізу тәжірибесімен танылса, енді елорда жаһандық авиациялық күн тәртібін қалыптастыратын алаңдардың біріне айналмақ. Бұл — тек Қазақстан үшін емес, бүкіл халықаралық авиация қауымдастығы үшін маңызды оқиға. Авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында сарапшылар мен сала көшбасшылары тәуекелдерді басқарудың заманауи тәсілдерін, инновациялар мен жаңа технологияларды енгізуді, кадрлық әлеуетті арттыруды және ұлттық авиациялық қауіпсіздік жүйелерін одан әрі нығайтуды талқылайды.


Бөлісу