Негізгі Жаңалықтар Жұмысқа тұр – мәртебе ал

Жұмысқа тұр – мәртебе ал

ҚР Еңбек және әлеуметтік қолдау жұмыссыз ретінде есепте тұрған азаматтарға қатысты маңызды тетікті түсіндірді. Бүгінде Қазақстанда азаматтың жұмысқа орналасуы мен оның жұмыссыздар қатарынан шығарылуы мемлекеттік ақпараттық жүйелердің өзара ықпалдастығы арқылы автоматты түрде жүзеге асырылмақ. Яғни азамат ресми түрде жұмысқа орналасқан кезде бұл ақпарат тиісті мемлекеттік жүйелерде көрініс тауып, оның жұмыссыз ретіндегі мәртебесін өзектендіруге негіз болады.

Сонымен қатар жұмысқа орналасқан азамат бес жұмыс күні ішінде бұл туралы мансап орталығына хабарлауға міндетті. Дегенмен азаматтың мансап орталығына өзі барып, ақпарат бермеуі оның мәртебесін жаңартуға кедергі келтірмейді. Себебі қажетті мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы автоматты түрде алынады. Осылайша, еңбек нарығындағы бос жұмыс орындарын жариялаудан бастап, азаматтың жұмысқа орналасуы мен жұмыссыз мәртебесінің өзгеруіне дейінгі үдеріс біртұтас цифрлық жүйеге көшіріліп отыр. Қазақстанда еңбек нарығын цифрландыру жұмысы жүйелі түрде жалғасып келеді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жұмыс беруші кәсіпорында бос жұмыс орны пайда болған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде ол туралы мәліметті Электрондық еңбек биржасы —Enbek.kz платформасына орналастыруға міндетті. Ең маңызды талаптың бірі — бос жұмыс орны қызметкер ресми түрде жұмысқа қабылданғанға дейін жариялануы тиіс.


Бөлісу