Тілсіз жауды тізгіндегендер туралы фильм
Табиғаттың тегеурініне адам төтеп бере ала ма? Ал сын сағатта өмір мен өлімнің арасында қалған жан қандай таңдау жасайды? Осы сауалдарды арқау еткен «38. Соңғы нүкте» фильмі адам мен табиғат арасындағы арпалысты суреттейді. Драмалық фильм-катастрофа 2023 жылы Семей орманында болған қайғылы оқиғаны негізге алған.
Фильм өзегінде орман ішінде күнделікті міндетін атқарып жүрген бір топ орманшының тағдыры жатыр. Кенет тұтанған өрт әп-сәтте өршіп, айналаны жалын мен түтінге орайды. Уақыт тарыла түскен сайын кейіпкерлер алдында өмір мен өлімнің арасындағы таңдау қалады. Осы сәтте олардың қорқынышы мен жауапкершілігі, бұрынғы шешімдерінің салмағы да айқындала түседі.