Сөрелердегі сыр – оқырман талғамының айнасы.
Лев Толстой атындағы кітапхана өз қорын үнемі жаңартып отырады. Оқырманға ұсынылатын әдебиеттер қатарында балаларға арналған шығармалардан бастап, шет тілін меңгеруге мүмкіндік беретін оқу құралдары бар.
Кітап сөрелеріндегі таңдаудың кең болуы – оқырманға өзіне қажетті еңбекті тез табуға мүмкіндік береді. Әсіресе, жасөспірімдер арасында оқиғасы ширақ шығармаларға деген қызығушылық жоғары. Мамандар кітапханаға келушілерге керек әдебиетті табуға ғана емес, оқырманның жасына және қызығушылығына сай кітапты таңдауға да көмектеседі.