Негізгі Жаңалықтар Шаруаларға жеңілдетілген дизель отыны берілуде

Шаруаларға жеңілдетілген дизель отыны берілуде

Биыл өңірдегі аграршыларға жеңілдетілген бағамен 80 мың тоннаға жуық дизель отыны бөлінді. Оның тең жартысы қазірдің өзінде өңірге жеткізіліп, диқандардың сұранысы бойынша берілуде. 

Шаруалардың егінді уақытылы егіп, шығынсыз жинауы үшін мемлекет жыл сайын жеңілдетілген дизель отынын бөледі. Бұл қолдау биылғы орақ науқанында да көрсетіліп отыр. Биыл өңірге дизель отынын жеткізуге 18 оператор тартылған. Қазірдің өзінде 39 мың тонна жеңілдетілген сұйық отын шаруалардың игілігіне берілді. 

Жеңілдетілген дизельдің бағасы ауыл шаруашылығы жұмыстары кезеңіне қарай белгіленеді. Биыл орақ науқаны басталғанда оның литрі шамамен 305 теңге болған. Алайда зауыттардағы сатылым бағасының өсуіне байланысты қыркүйекте сұйық отынның құны 311 теңгеге дейін көтерілді. Дегенмен, баға көтерілгеніне қарамастан, жеңілдетілген дизель шаруалар үшін әлі де тиімді.


Бөлісу