Негізгі Жаңалықтар Әскерге шақыру цифрландырылды

Әскерге шақыру цифрландырылды

ҚР Қорғаныс министрлігі әскерге шақыру процесі бұрынғыдай қағазбастылыққа тәуелді емес екенін хабарлайды. «Цифрлық шақыру» жүйесі мен «Smart военкомат» жобасы азаматтарға әскери есепке қою, 17 жастағы бозбалаларды тіркеу, әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе әскери қызметтен босату секілді бірқатар қызметті автоматты түрде алуға мүмкіндік беріп отыр. 

Әскери есепке қатысты барлық ақпаратты азаматтар eGov порталындағы өзінің жеке кабинетінен көре алады. Қазір елімізде күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Президент Жарлығына сәйкес, қалалық және аудандық шақыру комиссиялары жұмысқа кірісіп, 18 бен 27 жас аралығындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке қабылдау шаралары жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін шамамен 23 мың жас азамат әскер қатарына қосылады. Олардың қатарында 12 мыңнан астамы – Қарулы күштерге, 7 мыңы – Ұлттық ұланға, 3 мыңы – ҰҚК Шекара қызметіне, 400-ден астамы – Төтенше жағдайлар министрлігіне, ал 300-ге жуығы Мемлекеттік күзет қызметіне жіберіледі.


Бөлісу