Негізгі Жаңалықтар Медицина қызметкерлеріне берілетін төлем көлемі артты

Медицина қызметкерлеріне берілетін төлем көлемі артты


Медициналық мамандарды ауылға тарту үшін берілетін біржолғы төлем көлемі артты. Қостанай облысында енді бұл қолдауға дәрігерлермен қатар медбикелер мен фармацевтер де ие бола алады. Дәрігерлерге берілетін қаржы жұмыс істейтін елді мекеніне қарай 8 жарым миллион теңгеге дейін жетеді. Ал ең жоғары төлем шалғай елді мекендерге жұмысқа барған мамандарға беріледі. 

Қостанай облысында медицина мамандарын ауылдық жерлерге тартудың жаңа тетігі бекітілді. Облыстық мәслихат депутаттары біржолғы әлеуметтік төлем көлемін ұлғайтуды қолдады. Енді қаржылай көмек тек ауылға барған дәрігерлерге ғана емес, орта буын медицина қызметкерлері мен фармацевтерге де беріледі.


Бөлісу