Негізгі Жаңалықтар Мал саулығы – жан саулығы

Мал саулығы – жан саулығы

Індетпен күресу - міндет. Ал оның алдын алу - әлдеқайда маңызды. Облыста ветеринариялық қызмет дәл осы бағытқа басымдық беріп отыр. Жыл басынан бері Қостанай өңіріне республикалық резервтен ветеринариялық препараттардың үш партиясы жеткізілді. Жалпы көлемі - 4 млн 401 264 доза. Бұл жылдық жоспарланған көлемнің 74,3 пайызын құрайды. 

Биыл мемлекеттік тапсырыс аясында 6,8 млннан астам ветеринариялық шара қабылдау жоспарланған. Оның 5,7 млны – аурудың алдын алу жұмыстары, ал 1,1 млны – диагностикалық тексерулер. 


Бөлісу