Негізгі Жаңалықтар Аңшылық мәдениет – табиғатпен үндесу

Аңшылық мәдениет – табиғатпен үндесу

Әдетте күзгі-қысқы аңшылық маусымы тамыз айының соңында басталады. Бірақ тау тасты аралап, аң аулау үшін қару алып шығу жеткіліксіз. Аңшылықтың өз тәртібі мен мәдениеті бар. Аңшы негізінен нені білуі тиіс? Қандай талаптарды ескеруі керек? 

Бірнеше күн орман ішінде болатын болсаңыз, алдымен түнейтін жеріңізді дайындап алу қажет. Шатыр тігіліп, керек-жарақ жиналған соң ғана күнделікті тіршілік басталады.

Расында, қоршаған ортамен рухани байланыс орнату – күнделікті қарбаластан бір сәт алшақтауға ықпал етеді. Мүмкін сол үшін де болар, саятшылыққа қызыққан белгілі тұлғалардың өзі «аңды табу мен олжалау – бар болғаны істің бір бөлігі. Ал қалған рахаты – дала мен еркіндік» деп атап өткен екен.


Бөлісу