Негізгі Жаңалықтар МӘМС: Шетелде оқитын студент мәртебесі қалай сақталады?

МӘМС: Шетелде оқитын студент мәртебесі қалай сақталады?

Қостанай облысы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалына шетелдік жоғары оқу орындарында білім алып, каникул кезінде елге келген қазақстандық студенттер жиі жүгінеді. Себебі, қазақстандық ЖОО студенттері Ұлттық білім беру деректер базасына автоматты түрде енгізіледі, ал шетелдік ЖОО білім алатын студенттер туралы мәліметтер бұл базада болмайды. Ол үшін не істеу қажет?

Шетелде білім алып жатқан студенттер eGov.kz порталында өздігінен тіркелуі қажет. Ол үшін порталда «Шетелде білім алып жатқан студенттерді тіркеу» қызметін пайдаланып, өтінімді кезең-кезеңімен толтырып, оған ЭЦҚ немесе бір реттік SMS-пароль арқылы қол қою қажет. Өтінішті ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі қарайды. Процесс 15 жұмыс күніне дейін созылады. Мәліметтер расталғаннан кейін студентке «Сақтандырылған» мәртебесі беріледі. Өтінім беру бойынша сұрақтар туындаған жағдайда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне жүгінуге болады. Күндізгі оқу нысанында білім алатын студенттер үшін МӘМС жүйесіне жарналарды мемлекет төлейді.


Бөлісу