Негізгі Жаңалықтар Дәрігерге екі ай бұрын жазылуға болады

Дәрігерге екі ай бұрын жазылуға болады

Енді азаматтар дәрігер қабылдауына өз бетінше алдын ала жазыла алады. Егер бұған дейін қабылдау кестелері негізінен 2 аптаға ашылса, қазір 60 күнге дейін ерте жазылу мүмкіндігі қарастырылған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

Бұл пациенттің дәрігерге бару уақытын өзі жоспарлауына мүмкіндік беретін маңызды өзгеріс. Учаскелік дәрігерлердің пациент қабылдауға арналған жұмыс уақыты күніне 4 сағат болса, енді 6 сағатқа дейін ұлғайтылды. Соның нәтижесінде учаскелік дәрігердің қабылдауын күту мерзімі орта есеппен 5-7 күннен 1-3 күнге дейін қысқарды. Нәтижесінде жалпы практика дәрігерлеріне өз бетінше жазылу үлесі 20%-дан 72,5%-ға, ал бейінді мамандарға жазылу көрсеткіші 4%-дан 66,1%-ға дейін өсті. Яғни азаматтардың медициналық көмекке жүгінуі үшін бірнеше күн немесе апта бойы күту қажеттілігі біртіндеп азайып келеді.


Бөлісу