Негізгі Жаңалықтар Аудан экономикасын әртараптандыру жолдары

Аудан экономикасын әртараптандыру жолдары

Қамысты ауданында биыл инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға басымдық беріліп отыр. Жыл басынан бері құны 90 миллион теңге болатын астық сақтайтын қоймалар кешені іске қосылды. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге бағытталған тағы екі жоба қолға алынды. Оларға жалпы 810 млн теңге инвестиция тартылған. 

Облыстың оңтүстік-батысында орналасқан Қамысты – кең даласы мен еңбекке толы тіршілігі жарасқан өлке. Алайда өткен жылдың тамыз айында Қамысты мен Жангелдин аудандарының аумағында ірі дала өрті болды. Жалын шамамен 150 мың гектар жерді шарпыды. Осы жағдайды ескерген аудан басшылығы биыл өрт қауіпсіздігі шараларын күшейткен. 

Қазір ауданда кәсіпкерлік саласы да дамып келеді. Мұнда 446 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Оның 427-сі бүгінде толық жұмыс істеп тұр. Жыл соңына дейін тағы үш кәсіп өз іске қосылады деп жоспарланған. Аудан басшылығы кәсіпкерлік субъектілерінің үлесін 100 пайызға жеткізуді көздеп отыр. 

Аудан экономикасының негізгі бағытының бірі – ауыл шаруашылығы. Сондықтан малдың саулығы мен ветеринарлық қауіпсіздік те басты назарда. Осы мақсатта ауданда жалпы құны 150 миллион теңге болатын бес ветеринарлық пункт салынып жатыр. Жаңа нысандар бес ауылдық елді мекенде орналасады


Бөлісу