Негізгі Жаңалықтар Тазы – атадан қалған асыл мұра.

Тазы – атадан қалған асыл мұра.

Қазақтың жеті қазынасының бірі – тазы. Ғасырлар бойы дала төсінде қазақпен бірге ғұмыр кешкен бұл жүйрік жануар халқымыздың тұрмыс-тіршілігімен біте қайнасып, ұлттық мұраға айналды. Бүгінде тазы тұқымын дәріптеу мен оны ұлықтау ісіне ерекше мән беріліп келеді. Биылдан бастап күнтізбеге Тазы күні арнайы енгізіліп, ұлттық құндылықты дәріптеуге жаңа мүмкіндік туды. Осыған орай Қостанайда көпшілікке тазының тарихы мен ерекшелігін таныстырып, ұлттық мұраны насихаттауға бағытталған іс-шара өтті.

Тазының тарихы – қазақтың тарихымен тамырлас. Саятшылықта серік болған, жүйріктігімен танылған бұл иттің адамға деген жақындығы да ерекше.Тазыны зерттеп, оның тарихын деректі фильмге арқау еткен ардагер әріптесіміз Гүлжібек Бекмұхамбетова үшін бұл — ұлттық құндылықты ұлықтаудың бір жолы.


Бөлісу