Әскери бағыттағы білім
Еліміздің барлық мектебінде алғашқы қоңырау соғылып, жаңа оқу жылы бастау алды. Б. Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары да 3 ай жазғы каникулдан кейін білім ордаларына қайта оралды. Әсіресе кадет сыныптарының тәрбиеленушілері үшін биылғы оқу жылының жөні бөлек.
Саптағы тәртіп, жинақылық, әскери үлгіде тігілген форма – мұның бәрі оқушылардың күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналған. Биыл кадет сыныбының тәрбиеленушілері үшін тағы бір жаңалық бар.