Тобыл топырағындағы тәтті өнім
Қостанайдың қатаң климатына қарамастан, өңірде жылу сүйгіш дақыл – қарбыз өсіріліп жатыр. Жергілікті кәсіпкер оны Тобыл өзені бойындағы алқапқа егіп, оңтүстік өңір табиғатына тән өнімді солтүстік топырақта жерсіндіруді қолға алған. Биылғы өнім де жаман емес. Қазір шаруашылықта піскен қарбыздар жиналып, жергілікті сауда орындарына жөнелтілуде.
Тобыл бойындағы алқапта өсірілген қарбыздың көлемі де, сапасы да шаруалардың көңілінен шығып отыр. Қожалық агрономы Дмитрий Елисеевтің айтуынша, солтүстік өңірде қарбыз өсірудің өзіндік ерекшеліктері бар. Ең бастысы – дақылға қолайлы жер таңдап, оған қажетті жағдай жасау.