Мектепке нық қадаммен
Жаңа оқу жылының басталуына бірер күн ғана қалды. Қазір ата-аналар баласын мектепке дайындап, қажетті оқу құралдарын түгендеп жатыр. Ал әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылар үшін бұл кезеңді жеңілдетуге бағытталған іс-шаралар да ұйымдастырылуда. Соның бірі – «Мектепке нық қадам» акциясы. Соның аясында балаларға мектепке қажетті құрал-жабдықтар табысталды.
Акцияның негізгі мақсаты – жаңа оқу жылын қарсы алатын балаларға қолдау көрсету. Әсіресе бірінші сыныпқа баратын бүлдіршіндерге ерекше көңіл бөлінген. Іс-шара барысында оқушыларға мектеп сөмкелері мен оқу құралдары үлестірілді. Ол тізімге ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар да енген.