Таза жағалау – таза қала.
Тобыл өзенінің жағасын ретке келтіріп, таза ұстау. Дәл осындай мақсатпен шаһар еріктілері мен жанашыр тұрғындары Гагарин су бөгетінде өткен экологиялық акцияға өзінің үлесін қосты. Игі науқан барысында 130 жуық адам белсенділік танытып, жүк көлігіне қоқыс тиеді.
Гагарин су бөгеті – қала тұрғындарының табиғат аясында демалып, балық аулап, уақыт өткізетін сүйікті орындарының бірі. Алайда жақсы демалыстан кейін айналаны таза күйінде қалдыруды әркім бірдей ойлай бермейді. Салдарынан табиғи аумақтың көркіне нұқсан келіп жататын жағдайлар да болып тұрады.