Бүгін – Білім күні
Облыстың барлық мектептерінде жаңа оқу жылы басталып, білім ошақтары шәкірттер үшін есігін айқара ашты. Оқушылар мен ұстаздар қауымы үшін ортақ мереке саналатын салтанатты жиын Қостанайдағы нөмірі он сегізінші мектеп қабырғасында да іске асып, дәстүрлі үрдіс өз жалғасын тапты.
Міне, мектеп табалдырығын тұңғыш аттағалы отырған бірінші сынып оқушыларының алғашқы жаттаған жыр тармақтары осындай. Бұл көрінстерден білімге деген құштарлық айқын байқалады. Қолдарына гүл ұстаған бүлдіршіндердің қатары қалың Солардың бірі - Ақкенже Мұратқызы. Ол өзі үшін айтулы сәтте сабақты беске оқуға уәде берді.