Негізгі Жаңалықтар Шағын шаһардың шуақты мерекесі

Шағын шаһардың шуақты мерекесі

Тарихы терең, тағдыры талай кезеңмен сабақтасқан Жітіқара қаласы биыл 87 жылдығын атап өтті. Кенді өлкенің көркіне айналған шаһардың мерейлі күні қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Таңнан кешке дейін жалғасқан мерекелік бағдарламада жас өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдар сахна төріне шықты. Сондай-ақ, қала тарихын танытқан көрмелер көпшілік назарына ұсынылды. 

Мерекелік күн өнер додаларынан басталды. Балалар арасындағы «Әнші балапан» өңірлік вокал байқауында жас әншілер өзара бақ сынады. Ал «JITIQARA FEST-2026» аралас би ұжымдарының басын қосып, сахнаға ырғақ пен ерекше көңіл күй сыйлады. Бұдан бөлек, вокалды-аспаптық ансамбльдер фестивалі өтіп, әуезді ән мен жанды музыка мерекенің ажарын аша түсті. 



Бөлісу

Аймақтық телеарналар