Өндірістік жарақат: өңірдегі ахуал
Облыстық прокуратурада 2024–2025 жылдар және 2026 жылдың өткен кезеңі бойынша қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы заңнаманың сақталу мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Өндірістік жарақаттанудың жалпы деңгейі төмендегеніне қарамастан, оны есепке алу, жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудің сапасы және олардың алдын алу мәселелері сақталуда.
Соңғы үш жыл аралығында өндірістік жарақаттанудың есепке алынбаған 26 жағдайы анықталды, соның салдарынан 16 қызметкер қаза тапқан. Медициналық ұйымдардың 22 хабарламасы бойынша арнайы тергеп-тексеру жүргізілмеген. Оларды жүргізу тәртібінің бұзылуына байланысты 8 тергеп-тексеру бойынша қабылданған шешімдер сот тәртібімен жойылды. Облыс прокуроры жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібін жетілдіру, олардың себептерін анықтау сапасын арттыру, ақпаратты есепке алу және алмасудың цифрлық тетіктерін ескере отырып, ескірген нысандар мен құжаттарды өзектендіру қажеттігін аталып өтті. Профилактикалық жұмыста да кемшіліктер анықталды: ауыр және өліммен аяқталған жазатайым оқиғалар болған 9 кәсіпорын тиісті профилактикалық іс-шаралармен қамтылмаған. Осыған байланысты полицияның және Еңбек инспекциясы департаментінің ақпараттық базаларын ықпалдастыру мәселесін пысықтап, мәліметтердің тұрақты түрде салыстырылып отыруын қамтамасыз ету ұсынылды.