Негізгі Жаңалықтар Қордаланған қарыз – күшейген бақылау

Қордаланған қарыз – күшейген бақылау

Алимент бойынша берешек - қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Сот шешіміне қарамастан, баласына тиесілі төлемді уақтылы өтемей жүрген азаматтар бар. Берешек өскен сайын мәселе де күрделене түседі. Борышкерлерді анықтап, заң талаптарын орындату үшін Қостанайда құзырлы орган өкілдерінің ұйымдастыруымен рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. 

Рейд барысында жеке сот орындаушылары мен прокуратура өкілдері борышкерлердің мекен жайларын тексеріп, мүліктік жағдайын анықтайды. Сондай-ақ атқарушылық құжаттардың орындалу барысын бақылауда ұстайды. Себебі алимент өндіру - жай ғана берешекті өтеу емес, кәмелетке толмаған баланың заңмен қорғалған құқығын қамтамасыз ету. 


Бөлісу