Жер телімдері тең бөлінуге тиіс
Қаладағы жер телімдеріне қатысты мәселелер азайған жоқ. Учаске алу, оны жеке меншікке рәсімдеу - тұрғындар жиі жүгінетін қызметтердің қатарында. Жыл басынан бері Қостанай қаласының жер қатынастары бөлімі 4 мың 745 мемлекеттік қызмет көрсеткен. Өтініштердің басым бөлігі электронды түрде қабылданған. Ал кейбір жер даулары сотқа дейін жетіп отыр
Қала тұрғыны үшін жер - жай ғана аумақ емес. Бірі оған баспана тұрғызуды көздесе, енді бірі кәсіп ашуға немесе өз мүлкін заңдастыруға мүмкіндік іздейді. Қостанай қаласының жер қатынастары бөлімі осы ретте 11 түрлі мемлекеттік қызмет ұсынады. Ең көп кездесетін сұраныс: жер телімін алуға кезекке тұру, қала аумағындағы учаскеге құқық рәсімдеу және оны жеке меншікке сатып алу.