Көлік инфрақұрылымы қарқынды дамуда
Облыс әкімдігінде Тобыл өңірінің көлік саласындағы ахуал мен алдағы жоба- жоспарлар талқыланды. ҚР Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов өңір тұрғындарымен кездесіп, жол, теміржол, әуе қатынасы және шекаралағы өткізу бекеттерін жаңғыртуға бағытталған жобалар туралы айтты. Басты мақсат – халықтың қатынасын жеңілдетіп, өңірдің көлік байланысын күшейту.
Қостанай облысындағы республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 9 мың шақырымға жуық. Биыл соның 320 шақырымнан астамы жөнделді. Бұл жұмыстар республикалық маңызы бар күре жолдармен қатар, облыс пен аудандар арасындағы бағыттарда да қамтыған.