Экология мен дәстүр сабақтастығы
Табиғатпен етене өмір сүру, қоршаған ортаға жанашырлық таныту - ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан құндылықтардың бірі. Бүгінде осы ұстанымды жастар арасында кеңінен насихаттау маңызды. Осы мақсатта «Eco Nomad» экологиялық этно-лагері ұйымдастырылды.
Біздің ұлттық дәстүрімізде табиғатқа деген құрмет ежелден қалыптасқан. Осыны көздеген экологиялық «Eco Nomad» лагерінің ұйымдастырушылары жастарға экологиялық мәдениетті құр сөзбен түсіндіріп қана қоймай, оны тәжірибе арқылы меңгертуді мақсат етті. Бір алаңда бас қосқан жасөспірімдер алдымен түрлі тимбилдингтер арқылы жақынырақ танысып, ортақ іске жұмылды. Ал экологиялық бағыттағы алаңдарда қоршаған ортаны қорғау тәсілдерін күнделікті өмірде де қолдануға болатын қарапайым жолдарымен танысты.