Негізгі Жаңалықтар «Мектепке нық қадаммен»: балаларға қолдау

«Мектепке нық қадаммен»: балаларға қолдау

«Мектепке нық қадаммен»: балаларға қолдау

Жаңа оқу жылының жақындауына орай Орталық саябақта «Әділет» партиясының бастамасымен «Мектепке нық қадаммен» акциясы өтті. Бұл бастаманың басты мақсаты – көпбалалы және әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардан шыққан балаларға көмек қолын созып, олардың сапалы білім алуына тең мүмкіндік туғызу.

Салтанатты іс-шара барысында 20 оқушыға мектепке қажетті барлық кеңсе тауарлар мен оқу құралдары толық салынған жаңа сөмкелер табыс етілді. Игі іске партия белсенділерімен қатар өңірдегі қайырымдылық жасауға ниет білдірген кәсіпкерлер, демеушілер мен жанашыр азаматтар атсалысты.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар