Бұқаралық спортты дамыту – Мемлекет басшысы жүктеген басым бағыттардың бірі. Бұл ретте өңірімізде жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Соңғы жылдары әсіресе самбо спорты қарқынды дамып, жас спортшылар республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетуде. Бүгінде облыс намысын қорғап жүрген балуандар ел чемпионаттарында жүлделі орындардан көрініп, өңір спортын жаңа деңгейге көтеріп жүр.

Қазіргі таңда облыста самбо спортымен айналысатын жастардың қатары көбейген. Солардың бірі – Санжар Санай. Ол самбо спортынан спорт шебері атанып, бүгінде жастарға үлгі болып жүр. Жас балуан республикалық турнирлерде бірнеше мәрте жеңіс тұғырынан көрінген. Оның айтуынша, спорт тек жеңіс емес, тәртіп пен табандылықтың мектебі.