Өңір басшысы Құмар Ақсақалов Әулиекөлге іс-сапары барысында бірқатар нысанның жұмысымен танысты. Аграрлық саланың ахуалы сараланып, елді мекендерді абаттандыру мен өндіріс орындарын ашу мәселелері талқыланды.
Соңғы үш жыл ішінде облыстағы егіс алқаптарының құрылымы айтарлықтай өзгерген. Дәнді-бұршақты дақылдар егістігі 84,4, майлы дақылдар аумағы 32,1 процентке ұлғайды. Әулиекөл былтыр ауыл шаруашылығы өнімдерін жинау тізімінде // орында болған. Осы нәтижеге жету үшін 318 мың гектар астық бастырылды. Ал, биыл 238 мың тонна дән себілді. Дегенмен, ауданда топырақтың сарқылуы байқалады. Егістіктің 48,5 процент жерде азот, 77,9 процент аумақта фосфор мөлшері төмен. Жақсы өнім алу үшін тыңайтқыштарды қолдану қажет. Ол үшін топырақтағы қоректік заттардың тепе-теңдігі сақталуы тиіс деді өңір басшысы. Республикалық агрохимиялық қызметтің есептеуі бойынша аудан биыл 26,9 мың тонна тыңайтқышты игеруі қажет.