Өңірде биылғы шомылу маусымына дайындық қызу жүріп жатыр. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жазатайым оқиғалардың алдын алу бағытында кешенді шараларды қолға алуда.
Мәтін: Биыл өңірде шомылуға арналған 25 орын белгіленді. Оның 6-уы коммуналдық, 19-ы жекеменшік жағажай. Сонымен қатар Рудный, Лисаков қалалары мен Қарабалық ауданында тағы 3 коммуналдық жағажай ашу мәселесі қарастырылуда. Мамандар жағажайлардың түбін тексеріп, қауіпсіздігін бақылауға алды.
Қауіп-қатердің алдын алу мақсатында балаларды жүзуге үйрету жұмыстары жүзеге асуда. Қазіргі таңда 6 бассейн жұмыс істеп тұр. Барлығы 1800-ден астам бала қамтылған. Сол себепті, судағы қауіпсіздік деңгейін арттырып, балалар арасында жазатайым оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік берілуде. Сонымен қатар, жүзу дағдыларын меңгерген балалардың өз өмірін сақтап қалу мүмкіндігі артып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етуде.