Қостанай облысы әкімінің өкімімен Ербол Қуанышұлы Тасжүреков Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарған
Ербол Тасжүреков 1979 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. Экономист, заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, мемлекеттік басқару және халықаралық қатынастар магистрі бойынша білімі бар. Бұған дейін Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінде, Ұлттық экономика министрлігі департаментінде, Инвестициялар және даму министрлігінде басшылық лауазымдарды атқарған. 2018-2019 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, 2019-2021 жылдары – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарушы директоры, 2023-2026 жылдары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі болған.