Қостанайдағы нөмірі екінші емханада гипертонияның алдын алуға арналған ашық есік күні өтті. Шара барысында тұрғындар дәрігерлердің қабылдауынан өтіп, қан қысымын, көз қысымын, холестерин мен қандағы қант деңгейін тегін тексеруге мүмкіндік алды.

Дәрігерлер соңғы жылдары ауру жасарып, жоғары қан қысымымен қырық жасқа толмаған азаматтардың да жиі жүгінетінін айтады. Сондықтан мамандар тұрғындарға дұрыс тамақтанып, белсенді өмір салтын ұстанып, тұрақты түрде медициналық тексеруден, яғни скринигтен өтуге кеңес береді.

Бүгін емханаға келген науқастар тек тұрақты мекен жайына байланысты участкелік дәрігерге ғана емес, сонымен қатар ашық есік күніне орай денсаулық көрсеткіштерін кезекте тұрмай, тез білуге мүмкіндік алды. Талдама нәтижесі нашар пациенттерге арнайы кеңестер мен тексеріс үшін жолдамалар берілді.

Айта кетейік, гипертония диагнозымен диспансерлік есепте тұрған науқастар МӘМС жүйесі арқылы тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар қажетті тексерулер мен емдеу шаралары да қолжетімді