Мемлекет басшысы білім саласындағы үлкен бетбұрысқа жол ашты. Президент мектептерге жасанды интеллектіні енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл жай ғана технология емес, адами капиталды дамытудың жаңа сатысы. Бұған Қостанай облысының шалғай ауылдарындағы ұстаздар да қолдау білдіріп жатыр. Олардың пайымынша, жасанды интеллект - сабақ процесін жеңілдетіп, оқушылармен заман тілінде сөйлесуге берілген үлкен мүмкіндік.