«Өнеріміз саған, Қазақстан» байқау-фестивалі Қарабалық және Алтынсарин аудандарында өз жалғасын тапты. Көркемөнерпаздар сайысына әуезді үні мен қоңыр дауысы бар өнер иелері жиналып, жоғары деңгейде ұйымдастырды. Шығармашылық бағытты ұлттық мәдениетпен ұштастыра білген екі аудан бұл өнер додасын лайықты дәрежеде өткізді

Қарабалық ауданының кешінде бір нөмірмен бір нөмірді байланыстырған ерекше қойылым болды. Қазақ ордасының шаңырағын тіктеген Керей мен Жәнібектен кейін, айбарлы елге айналдырған Қасым хан туралы туынды тарихтан бір сыр шертті. Ал, көрініске қатысқан өнерпаздар сахнада жоғары шеберлік танытты. Олар өз рөлдерін шынайы сезіммен жеткізіп, көрерменге әсерлі спектакль ұсынды.