Білім алушылардың жеке дамуына ықпал ету, девиантты мінез-құлықтың алдын алу - аса маңызды істердің бірі. Осы мақсатта мектептерде «Заң мен тәртіп» пилоттық жобасы іске қосылған еді. Оқу кезеңінің төртінші тоқсанында қолға алынған бастама оқушылардың бойында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Заң мен тәртіп» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Мектептер пен колледждердегі білім алушылар үшін де оның аясында іс-шаралар жүргізілуде. Ол жасөспірімдер арасында тәртіп қағидаларын қатаң сақтауға ықпал етеді. Мұндағы ерекшелік – сабақты тәжірибелі мамандар өткізеді.